«Педагогтік қайта даярлау» курсының тыңдаушыларына сертификат табысталды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Үздіксіз білім беру орталығы, «Педагогтік қайта даярлау» курсының 18 тыңдаушы-түлегіне сертификат табысталды.

Аталған курс тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін педагогикалық білімі жоқ тұлғаларды педагогикалық қайта даярлауды жүзеге асырады. 2020 жылдан бері оқу орнымызда бұл курсты 72 тыңдаушы сәтті аяқтады.

Сертификат табыс еткен университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева түлектердің ұстаздық қадамына сәттілік тіледі.