ҚАРАҚАЛПАҚСТАНМЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАЙДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева Қарақалпақстандағы бірнеше жоғары оқу орындарында болды.

Іссапар барысында Гүлжан Дәулетбекқызы Нүкіс қаласындағы Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінде арнайы меморандумға қол қойды. Келісім құжатына сай алдағы уақытта қос дипломды, бірлескен білім беру бағдарламаларын даярлау, профессор-оқытушы құрам мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қарым-қатынас орнату мақсаты көзделген.

Қазақстандық оқу орнынан барған делегацияны Қарақалпақстан қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Асқар Үмбетаев қабылдап, Қарақалпақстан ассамблеясындағы Достық үйінде кездесу болды.